ЕРҒАЛИ БАҚАЕВ: РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН АЙМАҚТАРДА ШОМЫЛҒАНДАР  ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Шомылу маусымы басталды. Бақытсыз оқиғаларды болдырмау мақсатында арнайы баспасөз отырысын өткізген төтеншеліктер, халықты барынша абай болуға шақырады. Шомылу кезінде қала тұрғындары, тек белгіленген су айдынында ғана шомылуы тиіс.  Ішімдік ішіп суға түсуіне қатаң тыйым салынады.  

Қала тұрғындары рұқсат етілмеген аймақтарда шомылатын болса, бұдан былай жауапқа тартылады. Бүгінде  тыйым салынған жерлерде, атап айтар болсақ, Қошқар ата, Дендросаябақ ішіндегі көлде суға түсіп бой жазғандар  жауапқа тартылып та үлгерген. Бұл жөнінде Шымкент қаласы  ТЖД  бастығының орынбасары Ерғали Бақаев мәлімдеді.

Ерекше атап өтетін жәйт, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан балалар қаланың бассейіндеріне келіп тегін шомыла алады.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *