ШЫМКЕНТ: ГАЗЕЛ АВТОКӨЛІКТЕРІ 211-ДЕН 25 КЕ АЗАЯДЫ

Шымкенттегі қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша баспасөз жиыны өтті. Онда қала әкімінің орынбасыра Мақсұт Исахов саланы модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды. Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады деп күтілуде.

Мегаполисте қоғамдық көлік қатынасын реттеу кезек күттірмейтән өзекті мәселе болып тұрғаны жасырын емес.  Қарбалас сәтте жолаушыға таласып жарысу, аялдамаға тоқтамай кету,  бір көршемен бірнеше автобустың жүруі үйреншікті жағдайға айналғыны қашан.  Кешкі уақта тоқтап қалатыны тағы бар. Баспасөз жиынында  «бұл үшін қыруар жұмыс атқарылды. Зерттеу жүргізіліп, көпшіліктің жан айқайы ескерілді»,-деді  Шымкент қаласы әкімінің орынбасыра Мақсұт Исахов.

Жаңа жүйеде қоғамдық көліктердің бағыттары бойынша біршама өзгерістер бар. Енді  кейбір бағыттар қысқарып,  жаңа бағыттар ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар газел автокөліктері 211-ден 25 ке азаяды. Өз кезегінде автобус  рейсінің уақыты қысқарады.  Қоғамдық көлікті күту мәлесі де шешімін табады деп күтілуде.

Сондай-ақ, жоба жүзеге асса, қоғамдық көліктерді мобильді қосымша арқылы бақылауға болады. Жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік туады. Жаңа бағыттар ашылады, цифрлық және интеллектуалдық жүйе енгізіледі. Өз көзегінде бұл жаңашылдық  табысын жасырып отыратындардың жолын кеседі.

 Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *