Еліміздегі үшінші мегаполисте қылмыс саны жылдан жылға азайып келеді. Тіпті, карантин кезінде әжептеуір нәтиже байқалған. Алайда, ащы суды ұрттап алып, көлік жүргізетіндердің қарасы басылмай отыр. Бұл туралы әлеуметтік желі арқылы, халыққа есеп берген шымкенттің бас полицейі мәлімдеді. Онлайн өткен есептік жиында Генерал желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Генерал Ералы Жұмаханбетов қаладағы қылмыс саны соңғы 5 айында 25,1 %-ға дейін азайғанын айтады. Тіпті, карантин кезіндегі көрсеткіш 51 пайызға дейін төмендепті. Осы аралықта қанша жылдан бері ашылмай келе жатқан ауыр қылмыстарды ашу бойынша да жағымды жаңалықтар бар. Алайда, спирттік ішімдік ішіп темір тұлпар тізгіндегендердің қатары тиылмай отыр. Былтыр жыл бойы 637 мас жүргізуші ұсталса, биыл жыл басынан бері олардың саны 109-ға жеткен. Өзгеріске ұшыраған жаңа заң, ащы судан сіміріп, рөлге отырғандарды 7-жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамалған.
Қауіпті індетпен күресте қойылған шектеулерді бұзған 1298 азаматқа хаттама толтырылып, оның 742-і сотқа жеткен. Карантиндік талаптарды орындамаған 101 адам әкімшілік қамауға алынып, 148-не айыппұл салынған.
Bozyq.kz