Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында табиғи апаттың салдарынан зақымданған 5 үйдің іргетасы қаланды. Үйлердің құрылысын еліміздегі ірі құрылыс мекемелерінің бірі «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізуде. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Елтайға арнайы барып, тұрғызылып жатқан үйлердің құрылысымен танысты деп хабарлайды Bozyq.kz.
Осы айдың соңында аяқталуы тиіс үйлердің өлшемі 11х11 метрді құрайды. Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден болады. Жоба бойынша ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізіледі.
Мұрат Әйтенов су басқан аулалар мен көшелерді аралап көріп, ондағы тұрғындармен кездесті. Өз кезегінде әкім су тасқынынан шығынға ұшыраған тұрғындарға «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан тиісті көмек көрсетілетінін және барлық құрылыс жұмыстары аяқталған соң тұрғын алаптағы бас көшеге асфальт жол төселетінін айтып өтті.
Bozyq.kz