Қоғамдық жұмыстарды атқаруда еріктілердің еңбектерін ерекше атап өтсек болады. Карантин кезінде жұқпалы дерттің қауіптілігіне қарамастан түрлі саладағы жұмыстарға 500 –ден астам ерікті өз еріктерімен тартылды.
Бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасап жатқан еріктілер бала тәрбиесіне де өз үлестерін қосып жүр. Тіпті, жас түлектерге мамандық таңдау жағынан да жәрдем беріп келеді. Көбінде елене бермейтін еріктілердің жұмыстары, карантин кезінде көзге түсті.
Миллионды қалада еріктілерден жасақталған 20 ұйым бар. Оларда 3 мыңға жуық мүше тіркелген. Төтенше жағдай кезінде 500 ден астам ерікті тартылып, олардың жүріп-тұруына қазынадан 4 миллион теңге бөлініпті. «Еріктілердің қоғамдық көліктерде тегін жүру жағы қарастырылып жатыр»,- деді Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев.
Bozyq.kz