ШЫМКЕНТ: БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ САНЫ 2500-ГЕ ДЕЙІН АРТАДЫ

Шымкентте бейнебақылау камералараларының саны 2500-ге артады. Бұл жөнінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов мәлімдеді.

Қаланың бас полицейі  ашылмаған қылмыстың да қалмағанын айтады. 8 жыл бұрын жасалған заңсыз әрекетті де әшкереледік деген ол қалада бұзақылық кемігенін айтады. Мәселен, көшедегі қылмыс 12 пайызға, қоғамдық қылмыс 11 пайызға, жол апаты 8 пайызға азайыпты. Бірақ, мас күйінде рөлге отыратындар және жол апатынан көз жұматындар көрсеткіші сол күйінде қалған. Бұған енді не себеп? Бұл енді басы ашық сұрақ болып тұр.

Бас полицей Е. Жұмаханбетов   Шымкенттегі бейнекамераларды 2500-ге жеткізуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта қалада 479 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. «Жуық арада олардың қатарына тағы 200 қосылады»,- Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *