«ҚАРАСОРА -2020»

«Қарасора-2020» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Шымкент қаласы аумағында өтіп жатқан шараның мақсаты – есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою.

Сонымен қатар, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарда мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара байланысты одан әрі нығайту бүгінгі күннің күн тәртібінде. Есірткіге тәуелділер мен нашақорлыққа бейім тұлғаларды дер кезінде анықтап, олардың уақытылы емделіп, оңалуына баса назар аударумен қатар, қоғамда есірткіге қарсы иммунитетті барынша көтеру жағы да қолға алынуда. Аталған шара аясында құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру, өңдеу, өткізу ісімен айналысатындарды анықтау бағытында біршама жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, іс-шара 2020 жылдың 30 қазанына дейін жалғасатын болады.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *