Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу мәселесі бойынша тиісті кеңес беруде. Қазірдің өзінде бірнеше көлік мемлекеттік тіркеу нөмірін алып үлгерген.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері армениялық нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.Естеріңізге сала кетсек, автокөлікті 11 мың 946 теңге төлеп, қысқа уақыт ішінде Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеуге болады.Тіркеу құнына:- 695 теңге — тіркеу үшін алым;- 3 773 теңге — көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;- 7 778 теңге – мемлекеттік нөмер үшін баж салығы кіреді. Шымкенттіктер Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркей алады. Тіркеу ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі. .
Bozyq.kz