«Сіздер тойхана ретінде емес, ресторан ретінде жұмыс істеңіздер». Кәсіпкерлермен кездескен қала әкімі Мұрат Әйтенов тойхана басшыларына осындай ұсыныс айтты. Еліміздегі ахуалға байланысты өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған кәсіп иелеріне дағдарысқа ұшырамаудың осындай тың тәсілін ұсынды.
Өткен аптада қаламыздағы салтанат сарайларының иелері өз кәсіптерінің тоқтап қалуына байланысты табыс көзінен айырылғандарын айтып наразылық танытқан болатын. Олар қала әкімінен тойханалардың ашылуын сұрады. Дегенмен бұл қазіргі кезеңде санитарлық нормаларға қайшы келеді. Сондықтан, Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіп иелеріне шығынға батпас үшін оңтайлы шешім ұсынды. Ол зәулім ғимараттарды 50 адамға дейінгі ресторан ретінде ашуға болатындығын айтты. Естеріңізге салып өтейік, қаламыздағы тамақтану орындарына 1-маусымнан бастап өз жұмыстарын жалғастыруға рұқсат етілген болатын.
Bozyq.kz