БЕКЖАН ТАҒЫ ӨРТЕНДІ

Кеше түскі сағат 14-10 дар шамасында шымкенттегі Бекжан базарының алдындағы автокөлік тұрағынан өрт шыққан. Тілсіз жау бекетке іргелей орналасқан аяқ-киім дүңгіршегінен шаққан. Өртті сөндіруге ШҚ ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 15:40 шамасында сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда,- дейді төтеншеліктер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *