ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТІП,  1000 ТЕҢГЕ  ҰТЫП АЛ

Елімізде  «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы қайта басталды. Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары тарапынан да бірқатар шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың  12-ші мамырынан бастап жыл соңына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бақылау кассалық машина фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша акция қайта басталды.

Бұл жобаға кез-келген үміткер қатыса алады, барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қаралып, заң бұзушыларға тиісті шаралар қолданылады.Сонымен қатар, биыл  13-ші мамырдан бастап, жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы іске қосылды. Оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады. Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар үшін чекті Wipon тегін қосымшасы арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Бұл акцияға Шымкент қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *