Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 14 адам тіркелді . Маусымның 9 шы жұлдызы күнгі мәлімет бойынша ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы 6 әйел адам, 5 ер адам және 3 кішкентай балада нақтыланды.
Анықталғандардың 5 –еуі вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 6-уы «ЖРВИ» диагнозымен стационарға жатқызылғандар, 2-інің алғашқы медициналық жедел көмекке «ЖРВИ» белгілерімен жүгінген, 1 науқас стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген. Барлығы тиісінше инфекциялық стационарға жатқызылған.Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Шымкент қаласы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 992 адам анықталды.