Кәсіпкерлер палатасында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен өткен жиын өтті. Келелі кеңесте тойхана, мейрамханалардың мәселесі талқыланды.
-Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан 22 маусымда карантиндік режим аяқталғанша тойханалар қызметін бастауға рұқсат берілмейді. Әлі 22 маусымдағы жағдайға қараймыз. Бәрі дұрыс болса тойханаларды ашуға байланысты жеңілдіктерді қарастырамыз-деді Ербол Әбілхайырұлы.
Айта кету керек, Шымкентте сыйымдылығы 250 адамнан асатын 100-ге жуық тойхана бар. Жалпы тойхана саласында 6 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұдан бөлек 500-ден астам кішігірім бизнес ұйымдары осы салада қызмет көрсетеді.
Бүгінде тойхана есебінен жан баққан азаматтардың 90 пайызы жұмыссыз қалды.