ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕР СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінің нұсқауына сәйкес биылғы жылы сертификаттық сынақтар жаңа форматта ұйымдастырылды. Әрбір жедел-құтқару жасағы өз бетімен, өз облысының аумағында кинологиялық  иттерін сынақтан өткізеді.

Жұмысты бағалау үшін комиссия құрылды. Оның құрамында Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінің және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің тәжірибелі мамандары болды. Сертификаттық сынақтарға
ламбрадор тұқымды Жасмин, Берта, Рой атты 3 ит қатысты. Төбеттер сертификаттау сынақтарының үш кезеңінен өтуі керек еді.

Жедел-құтқару жасағының барлық қызметтік иттері  тапсырмаларды сәтті орындап, өз шеберліктерін және алған кәсіби дағдыларын көрсетті.
Енді олар алдағы уақытта ТЖ аймақтарынан адамдарды нақты жағдайларда құтқару операцияларына қатыса алады.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *