«3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚТА» ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ӨТУДЕ

COVID-19 пандемиясына байланысты шектеу шараларына қарамастан, «3-Энергоорталық» АҚ жұмысын штатты режимде жалғастыруда. Энергетиктер электр энергиясы өндірісінің үздіксіз процесін қамтамасыз етіп қоймай, келесі қысқа дайындыққа да бар күш жігерін салуда. Биыл қондырғыларды күрделі жөндеуге  825,53 млн. теңгеден астам инвестиция жоспарланған.

  «3-Энергоорталық» АҚ – Шымкенттегі жарық пен жылудың басты жеткізушісі. Коронавирус инфекциясының таралуы өнеркәсіптегі тұрақты жұмысқа кедергі бола алмады. Станция ұжымы жылыту маусымын аяқтай салысымен бірден қысқа дайындығын бастап кетті. Ағымдағы жөндеулерге 250 млн.теңге инвестицияланады. Мұнда қажетті сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер ұйымдар анықталған. Олар №1 қазандыққа, химиялық цехтағы тұзсыздандырылған бакқа, санитарлық-тұрмыстық жайларға күрделі жөндеу жүргізуде. Газ жанарғысын қоршау құбырларын ауыстыруда.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *