Кешегі сұрапыл соғыс жылдары бүгінгі ұрпағының бақыты үшін белуардан қан кешкен жандарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» атты республикалық акция аясында 17 майдангерге есту құрылғыларын сыйға тарту етті.
Жеңіс туын желбіреткен қарт майдангерлердің қарасы күн санап азайып барады. Көзі тірісінің өзі бүгінде сексеннің сеңгіріне шықты. Бас партия жеңістің 75 жылдығына орай қаладағы ардагерлерге есту құрылғыларын тегін таратты. Аппараттың құны 180 мың теңге тұрады. Ол қарт жауынгерлерге азда болса демеу , — дейді шараны ұйымдастырушылар.
Bozyq.kz