Шымкентте коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 30 адам тіркелді. Маусымның оныншы жұлдызындағы мәлімет бойынша ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері расталған науқастардың 16-сы әйел, 12 ер адам және араларында 2 бала бар.
Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды. Шымкент қаласында COVID-19 коронавирус инфекциясымен жалпы 1022 адам анықталды. 448 адам жазылып шыққан,-деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Bozyq.kz