ШЫМКЕНТТЕ  29 АДАМНАН ВИРУС АНЫҚТАЛДЫ  

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 29 адам тіркелді. 11 Маусымдағы мәлімет бойынша ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша  COVID-19 вирусы анықталған науқастардың  тізімінде  16 сы  әйел , 12 ер адам және 1 кішкентай бала бар. 

Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.    Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 13 558 азамат коронавирус індетін жұқтырған. 8531 науқас емделіп шықса, 67 адам вирустың құрбаны болып отыр. Шымкентке келер болсақ, қауіпті індетті жұқтырғандар саны — 1051 адам. Оның 455-і жазылып шықты. Жұқпалы аурумен ауырғандар санын арттырғыңыз келмесе, мамандар кеңесіне құлақ түріңіз. Санитарлық талаптарды сақтап, адам көп шоғырланатын жерден өзіңізді алшақ ұстап және отбасылық іс-шараларды уақытша шегере тұрыңыз. Коронавирус індетін жұқтырғандар азайған жоқ, сондықтан қауіптің алдын алыңыз

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *