КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН НАҚТЫ ӘРІ ТЕЗ АНЫҚТАЙТЫН АППАРАТ АЛЫНДЫ

Шымкент қаласындағы жұқпалы ауруханалар базасында ПЦР диагностикасына арналған қосымша аппарат орнатылды. Бұл үшін жергілікті төтенше жағдайға арналған бюджет есебінен 74 млн. теңге бөлінген. Ауруханаға түскен науқастардан коронавирус инфекциясы бойынша жаңа қондырғы арқылы зертханалық сынама алынып, ПЦР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланады.

ПЦР зертханасында тәулігіне 3 дәрігер-зертханашы, 2 зертханашы жұмыс істейді. Медицина мамандары күнделікті 150-200 шамасында талдау жасайды.  Айта кетейік, Шымкент қаласында Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында, лабораториялық тесттен өткізу шаралары күшейтілді. Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қалада қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылды: Диагностикалық орталықта, жұқпалы аурулар ауруханасы базасында және ЖИТС орталығында. Нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *