1 МАУСЫМНАН БАСТАП — 54 ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ

Шымкенттегі теміржолвокзалы қатаң тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Тәртіп  күшейген. Әлеуметтік ара қашықтық, маска режимі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сәйкес болуы тиіс.  Ал, жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіре берісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгілі береді.  Ауа баптағыш құрылғылар арқылы  дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі,-дейді Шымкент Темір жол вокзалының бастығы Ерғали Мырзахмет

 Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер жұмылдырылған екен. Күніне 4 мезгіл дизенфекция жасалады дейді мамандар.  Жазғы демалыс маусымы басталғалы  пойыз жол қызметіне жүгінген жолаушылар қатары артып отыр.

 Темір жол қызметіне байланысты карантин режимінің жеңілдетуі 3 кезеңнен тұрады. Яғни, 1 маусымнан бастап — 54 пойыз қатынаса, екінші кезеңде, 10 маусымнан тағы 39 пойыз қосылады.  Ал үшінші кезеңде, мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеуінің алынуы жоспарлануда. Оның ішінде Ресей, Өзбекстан және Қытайға қатынайтын пойыздар бар.

Айта кетейік, Шымкент темір жол вокзалында билеттер 15 мамырдан сатыла бастапты. Осы уақытқа дейін шымшаһардағы темір жол вокзалынан 7000-ға жуық билет сатылған.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *