ҚАУІПТІ КЕСЕЛДІҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте қауіпті кеселдің алдын-алу шаралары қарқынды түрде жүргізілуде.  Қаратау ауданы өз аумағындағы 422 көпқабатты тұрғын үйді кестеге сәйкес үздіксіз дәрілеуде. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, кіреберістері мен басты көшелерде және ішкі орамдық жолдарда дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.

 Ауданда залалсыздандыру құрылғылары мен дәрі-дәрмектер жеткілікті. Мамандар арнайы киімдермен де қамтылған. Айта кетейік, егерде аулаларыңызды коронавирус індетіне қарсы залалсыздандыру керек болса, жергілікті әкімдікке хабарласуларыңызға болады.

 Дизенфекциялау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар техникамен, қорғаушы костюм және арнайы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар күн сайын атқарылуда.

Естеріңізге сала кетейік, дезинфекциялық жұмыстарға әр ауданның әкімдігі тікелей жауапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *