9 АЗАМАТТЫ САН СОҚТЫРҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Тұрғындардың сеніміне кіріп, бағалы заттары мен ірі көлемде ақша жымқырған әйел ұсталды.  Алаяқ қаладағы 9 азаматты сан соқтырған. Ол бір жәбірленушінің өзіне 2 100 000 теңге залал келтірген. Шымкенттік полицейлер бұдан бөлек, жеңгетай мен жеңіл жүрісті қыздары анықтады. 

 Жүргізілген жедел-іздестіру қорытындысына сай  алаяқтық фактісімен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол аталған жайттан бөлек, тағы да сегіз ұқсас қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар екені анықталды. Жапа шегушілердің ауыр сырқат екенін айтып, ауруды емдей алатынына сендірген. Барлық жәбірленуші адамдар беттестіру жүргізу кезінде күдіктіні қылмысқа қатысы бар адам ретінде таныды. Қаскүнем өз құрбандарын негізінен Арбат, Орталық саябақ, “Қиял әлемі” саябағы және тағы басқа адамдар көп шоғырланатын орындардан тапқан. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 6 000 000 теңгеден асады. Қазіргі таңда азаматшаға байланысты іс сотқа өтіп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *