ШЫМКЕНТТЕ 4 ЖЕЗӨКШЕ ҰСТАҒАН ЖЕҢГЕТАЙ ҰСТАЛДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаменті қала аумағында женгетайлық немесе жезөкшелікпен айналысатын қыздарды анықтау мақсатында кезекті рейд ұйымдастырған болатын. Іс-шара барысында Республика даңғылы бойында жеңгетайлықпен айналысатын екі әйел адам анықталды. Олар жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұдайы ұсынып отырған.  Сонымен қатар, Айбергенов көшесі №7а үйдің 12 пәтерде тәнін саудалайтын 4 ару ұсталды.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің  309-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бір жеңгетай және төрт жеңіл жүрісті қыздар полицияға жеткізіліп, тіркеуге алынды. Екінші жеңгетайдын жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан қала аумағында полиция қызметкерлерімен осыған ұқсас қылмыстың 12 жайты тіркелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *