«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси кеңес бюросының кезекті отырысы болып өтті. Басқосуда бас аяғы бес мәселе қаралды. Мәжілісті қалалық партия филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов жүргізіп, қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.
Жиын барысында қалалық мәслихат депутаттары сайлауалды бағдарламаларының орындалу барысын баян етті. Сондай-ақ, халық қалаулыларының бастауыш партия ұйымдарымен бірлесе атқарған жұмыстары сараланды.
Бюро отырысында ағымдағы жылдың 5 айында мемлекеттік бағдарламалардың орын алу деңгейі талқы таразысына салынды.