АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ «СЕНБІЛІК СЕНІҢ АУЛАҢДА» АПТАЛЫҒЫН БАСТАП КЕТТІ

Қала күні қарсаңында тазалық жұмыстарына кіріскен Абай ауданы әкімдігі «Сенбілік сенің аулаңда» апталығын бастап кетті. Көше бойларындағы шашылған қоқыстарды жинап, қоқыс жәшіктерінің айналасын тазартып жүрген жандардың арасында әкімдік қызметкерлері де бар. Олар бір жеті бойында, аудан аумағын кезең-кезеңімен күл қоқыстан арылтатын болады.

 Алдымен қаланың ішкі жағын күл қоқыстан арылтуға кіріскен, сенбілікке қатысушылар 4 топқа бөлінген. Олардың арасында қаламсаппен қағаздарын, күрек пен сыпырғышқа ауыстырған әкімдік қызметкерлері де бар. Карантин кезінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, қала тазалығына қолғабыстарын тигізіп жатқан жандар 10 мақсатты алға тартады. Бірінші кезекте тұрғындарды тазалыққа шақыру,-дейді Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.

 Мереке қарсаңында миллионды қалаға осылайша тарту жасап жатқан Абай ауданы сенбілікті бір жеті бойында жалғастырмақ. Тазалық сақшылары шаһардың ішкі көшелерінің көркін кіргізген соң, шалғайдағы елдімекендердің де шырайын аша түспек ниетте.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *