Полицейлер өзін өзі өртемек болған азаматты құтқарып қалды. Еңбекші ауданының Полиция басқармасына Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің» алдында азамат үстіне бензин құйып өзін-өзі өртегелі жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел жеткен. Келіссөздер жүргізу арқылы дер кезінде 32 жастағы азаматтың өмірін құтқарып қалды. Аталмыш жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тіркелді.