Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 26 адам тіркелді. Оның 7-еуі кішкентай бала. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 13 әйел адамнан, 6 ер адамнан және 7 кішкентай балада нақтыланды.
Вирус жұқтырғандардың барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды. Соңғы ақпарат Шымкент қаласы бойынша COVID-19″ инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 1159-ға жетсе, жазылып шыққандар саны 478 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны 11-ге жеткен.Қазақстанда өткен тәулікте, яғни 14 маусымдағы мәлімет бойынша 313 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 14 мың 809. ⚡COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.