Абай ауданы аумағында дезинфекция жұмыстары үзіліссіз жалғасуда. Атап айтқанда «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің 2 техникасы 4 қызметкерімен, елді мекендердегі ішкі орамдық көшелерді дезинфекциялауда. Сонымен қатар, әскери бөлімнің 2 техникасы және 25 сарбазы 26 үйдің ауласын індетке қарсы дәрілеуде.
Одан бөлек аудан аумағында орналасқан екінші деңгейлі банктерде өз есептерінен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы