МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

 Шымкент қаласының әкімі COVID 19 вирусына тест тапсырды. Сынама теріс нәтиже көрсетті. Еліміздің Десаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ғасыр дертін жұқтырғаны нақтыланғаннан кейін әлеуметтік желіде қала әкімі Мұрат Әйтеновтың денсаулығына қатысты да сауалдар көбейіп кетті. Бұл сұраққа қала   әкімінің баспасөз хатшысы Арай Есенбек фейзбуктегі парақшасында ресми жауап берді. 

 «Иә, Елжан Біртанов 10 маусым күні Шымкент қаласында құрылысы аяқталған инфекциялық госпиталь ғимаратымен арнайы келіп танысқан болатын. Десе де, қала әкімі оған дейін және одан кейін де тест тапсырған. Соңғы рет кешегі жексенбіде тапсырған тест нәтижесі теріс болып шықты. Соған қарамастан Мұрат Әйтенов адамдар көп шоғырланатын жерге шықпай, өз кабинетінде қашықтықтан жұмысын жалғастыруда.»,   — деді ол. Сондай-ақ, Арай Есенбек  Мұрат Әйтеновтың жиындарды онлайн режимде өткізіп отырғанын және сақтық шаралары өз деңгейінде сақталып жатқандығын бас айтты. «Жалпы Мұрат Дүйсенбекұлы тұрақты түрде аптасына бір-екі рет COVID 19 вирусына тест тапсырып тұрады», — деген қала әкімінің баспасөз хатшысы Мұрат Әйтеновтың денсаулығы үшін алаңдаған азаматтарға алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *