ШЫМКЕНТТЕ БІР ТӘУЛІКТЕ 25 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

 Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелді. COVID-19 бен ауырғандардың барлығы инфекцияға симптомы бар науқастар. Осылайша қазіргі таңда Шымкентте қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 1183-ке жетіп отыр.

Сондай-ақ қала бойынша 2020 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 57 тасымалдаушы тіркелген. Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 383 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 15 192-ге жетті. Өкінішке қарай, 15 маусымда тағы төрт адамның COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды. Өлім жағдайлары Алматы қаласы мен Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген. Қазіргі таңда елімізде қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 81-ге жеткен. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустан 200 адам емделіп шыққан. Жалпы ел бойынша аурудан айыққандардың саны — 9388.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *