БІР ЖАСАР  БҮЛДІРШІН ШЕЛЕКТЕГІ СУҒА ТҰНШЫҒЫП КӨЗ ЖҰМДЫ

Шымкентте бір жасар бүлдіршін шелектегі суға тұншығып қайтыс болды.  Жазатайым жағдай Абай ауданына қарасты «Самал-з» шағынауданындағы жер үйлердің бірінде орын алған.

Оқыс жағдай ата-анасының сәбиді  бір сәт қараусыз қалдырған кезінде орын алған ,дейді құтқарушылар. Тынымсыз еңбектеп жүрген ойын баласы аулада тұрған су толы шелекке түсіп кеткен.  Оқиға орнына полицейлер мен дәрігерлер шұғыл жеткен. Балақай мамандар келгенінше жан тәсілім еткен. Төтеншеліктер ата-аналарға балаларын бір сәте те көзден тасада қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *