Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев құрылысы аяқталған «New City» және «Асар city» тұрғын үй кешеніне арнайы барды. Made in Shymkent отандық өнімдерімен жабдықталған пәтерлердің сапасын тексерді.
Шымкент қаласында жалпы 48 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталығында 8 үй, Шымкент сити шағын ауданында 16 үй, Тұран шағын ауданында 14 үй, Асар-2 шағын ауданында 10 үй. Пәтер саны 2592, ауданы 156 мың шаршы метрді құрайды.
Үйлер бірінші кезекте Тұрғын үй жинақ банкі арқылы Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Пәтердің 1 шаршы метр құны — 180 мың теңге. «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан 24 тұрғын үй салынды. Аталған үйлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы беріледі.
@Bozyq.kz