Қазақстанда өткен тәулікте 507 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus 2020.kz. Өсім 2,9% құрады.
COVID-19 вирусын жұқтырған 507 адамның 19 ы Түркістан облысынан, 19 Шымкент қаласында тіркелген. Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия дерегі бойынша өткен тәулікте 964 адам ауру белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген. Сөйтіп, елімізде олардың жалпы саны 9 809 ға жетті. Жалпы ел бойынша індетпен ауырғандар саны 17 732 ге жетті. 10 897 адам дертінен айыққан. Өкінішке орай ғасыр дерті 120 адамның өмірін жалмады.
Bozyq.kz