23-маусым «Мемлекеттік қызметкерлер күнініне» орай аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев сақтық шараларын сақтай отырып, аудан әкімінің алғыс хаттарымен мемлекеттік қызметкерлерді марапаттады. Сонымен қатар, мереке қарсаңында мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметкерлер ант тапсырды.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев барша әріптестерін айтулы мейраммен құттықтап, қызметтеріне өнімділік, дендеріне саулық тіледі.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі