17 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Тұрғын үйлерді инженерлік ифрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 30 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен онлайн мәжілісте мәлім болды.

Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметовтың мәліметінше, Шымкент сити шағын ауданындағы 39 үйге инфрақұрылым тарту бойынша 6 нысанда құрылыс жүргізілуде. Тамыз айының соңында ауыз су, кәріз, жылу, газ және электр қуаты іске қосылады. Ал көгалдандыру жұмыстары қараша айында аяқталмақ.

Одан өзге Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 8 үйдің инфрақұрылымы бойынша 2 нысанда жұмыс қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда құрылыстың 80 пайызы аяқталған. Тұран шағын ауданында 25, 26, 28 орамдағы көпқабатты тұрғын үйлерде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар «Бозарық» тұрғын үй алабына инфрақұрылым тарту үшін 5 нысанда құрылыс жұмыстары басталады. Нысан құрылысы келесі жылы аяқталады.

Жиынды қорытындылаған қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы сала мамандарына құрылыстың кестеге сәйкес өз уақытында аяқталуын тапсырды. Ең алдымен сапаға басты назар аударуды ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *