ҚАРАТАУ АУДАНЫ «ШЫМКЕНТ – МЕНІҢ ҚАЛАМ» АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Әрбір адамның туған қаласына деген сүйіспеншілігі тазалықтан басталуы қажет. Осыны ескерген Қаратау аудан әкімдігі қала күніне орай тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға 40 аудан қызметкерлері мен 30 ерікті жастар және мердігер мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты және 15 арнайы теxника жұмылдырылды.
Тазалық барысында тұрғындар көп шоғырланған елді мекендердің аулалары (25 га), ирригация жүйелері (9 км), шөп ору (4 га), ағаш әктеу жұмыстары(900 ағаш) атқарылды.

Сонымен қатар ерікті жастардың қолдауымен 6 тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың үйлерін әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *