ПНЕВМОНИЯДАН 22 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Шымкентте соңғы тәуліктерде пневмониямен ауырып, қайтыс болған адамдар саны артқан. Бұндай жағдай бұрын соңды болған емес. Соныдақтан сақтық шараларын күшейтіп отырмыз, деп мәлімдеді  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр. 24 маусымнан бастап мектепке дейінгі мекемелер, спорт нысандары, халық көп шоғырланатын орындарға бару шектеледі.  Сонымен қатар, сұлулық салондары, демалыс орындары мен  монша, автокөлікке  қызмет көрсететін орындар жабылады.

 Бұдан бөлек, бірқатар нысандардың жұмыс жасау кестесіне өзгерістер енді. Базарлар таңғы 6:00ден 16:00ге дейін, сауда орындары 10:00ден 18:00 аралығында, ал тамақтану нысандары 9 дан 21:00ге дейін қызмет көрсетеді. Базардағы тазалық күндері сенбі, жексенбі болып бекітілді. Қоғамдық көліктер де жұмыс  кестесіне сәйкес қатынайды.

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында жедел көмек көрсететін 100 бригада қосылды. Тұрғындар қоңырауына жауап беретін қызметкерлер саны да артты. 1 маусымда жедел жәрдем қызметіне күніне 1091 адам қоңырау шалса, бүгінде олардың саны 1850 ге жеткен. Халықтың басым бөлігін ОРВИ және пневмония дерті мазалаған.  Соңғы күндері 22 адам қайтыс болды.

Bozyq.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *