ПОЛИЦЕЙ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Ержүрек полицей жанкештілікпен 28 жастағы азаматтың өміріне араша болды. Өз-өзін өлімге қиған тұрғынды құтқарған Асқар Чуманов осы ерлігі үшін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатына ие болды.

 Асқар Чуманов Қаратау ауданы полиция басқармасының уческелік полиция инспекторы.  Құқық қорғау саласына қадам басқалы небәрі екі жыл болса да, ол өзін білікті маман ретінде дәлелдей білді.  Сындарлы шақта сыннан мүдірмей, қаһармандықпен өзгеге өмір сыйлады. Еңбегі де ескерусіз қалмады.  Дегенмен,  жас полицей марапаттан гөрі, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін басты орынға қоямыз,- дейді Асқар Чуманов.

Мамандардың мәліметінше 9 қабаттан өзін-өзі тастамақ болған жігіт әпкесімен сөзге келіп қалған екен. Суицидке сол ашумен бармақ болыпты. Ержүрек қызметкердің ерлігін тұрғындар да жоғары бағалады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *