Күнсанап көбейіп жатқан короновирус инфекциясын ауыздықтау үшін, шымшаһарды дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдымен адам көп шоғырланатын аумақтар дәріленуде. Ал, үй аулалары мен көшелер кестеге сәйкес заласыздандырылуда.
Адам қарасы үзілмейтін орындардың бірі саябақтар мен гүлзарлар. Әсіресе, бұл жерлерден кешкі мезгілде бос орындық табу мүмкін емес. Сондықтан да Қаратау ауданындағы 3 саябақ пен гүлзар маңы күнделікті дәрі шашылып, заласыздандырылады.
«Бірінші кезекте адам көп шоғырланатын аумақтар, парктер, аллеялар, скверлердің бойларын дезинфекциялау қолға алынған. Ал, ошақтарды, подъезддер болса көпқабатты үйлердегі оны дезинфекциялық жұмыстарын Verrum деген жеке мекеме тарапынан атқарылып жатыр. Ал, көшелер болатын болса, арнайы техникалармен өздеріңіз көргендей жасалынады».
Вирусқа қарсы дәрілеу жұмыстары көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері мен жертөлесіне де жүргізілуде. Оларға қызметтің түрі ақысыз көрсетіліп келеді. Осы орайда тұрғындар да қолдан келген көмектерін аянып қалмауда.