«САПАЛЫ ЖОЛ- АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ.

Шымкентте «Сапалы жол- Адалдық алаңы» жобасы аясында жол құрылысы жұмыстарының сапасы пысықталды. Жолдың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол активтерін басқару жүйесіне екпін берілді. Шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйытқы болды. Жауаптылар 9 мониторинг жүргізіп, жол сапасының бұзылуына қатысты 61 кемшілік анықталған. Оны қалыпқа келтіру бойынша тиісті ұсыныстар жолданып, бүгінде, 16-сы жойылып отыр.

Тельман мөлтекауданында жол құрылысы қарқынды жүзеге асуда. Дегенмен, мамандар құрылыс сапасына сын айтты. Мердігер «АршанСтрой» компаниясы талапқа сәйкес 8 қабатты жол төсеуге тиіс. Алайда, жол небәрі 4 қабатты.

 Жани Қамбар – «Шымкент- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы

-Стандартқа сай екенін сапасының қандай екенін тексеруге келіп отырмыз.Өздеріңіз көріп отырғандай кемшіліктер анықталды.Мөлтек аудандардағы асфалть қалыңдығы 5 см-ден кем болмауы қажет,ал қалалалық яғни орталық көшелерде 7см-ден кем болмауы керек.Жыл басынан бері бұл біздің тоғызыншы рейдтік іс-шарамыз.

Мониторинг барысында мамандар арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жолдың енін өлшеді. Қалыңдығын анықтап, асфальтті-бетон жабынның көлік жүретін бөлігіне сараптама жүргізді. Жақын арада объектіге тиісті баға берілетін болады.

Мамандардың айтуынша, қателіктер анықталған жағдайда мердігерлерге олқылықтарды жою үшін мерзім белгіленеді. Нәтижесінде жол учаскесін нұсқаманың орындалуы тұрғысынан қайта тексеру жүзеге асырылады. Тұрғындардың шағымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде жіті қадағаланады.  Себебі, сапа басты орында болуы шарт дейді жауаптылар.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *