Шымкентте жол құрлысы қарқынды. Мегаполистің орталық күшелері қайта жаңғырылуда. Рысқұлов көшесінде қайта асфальт төселіп қосымша веложол салынуда. Шалғай елдімекен тұрғындары да шаң мен балшықтан құтылып жатыр.
Биыл Бозарық шағын аудынының орталығында 10 көшеге жаңадан асфальт төселді. Жол мәселесі Бозарық тұрғындарының өзекті мәселесі еді. Халықтың тілегі орындалып тұрғындар жазда шаң қыста батпақтан құтылды.
Қаланың күре жолы саналатын Рысқұлов көшесінеде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Ойдым ойдым болған ескі асфальт қопарылып жаңа жол төселуде. Жол жағасынан веложол болады. Рысқұлов көшесінің 4 км 200 метр-і жөнделеді. Бұған бюджеттен 1 млрд 400 млн теңге бөлінген.
Қалада автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2976 шақырым. Оның 1758 шақырымы асфальт жол, 1107-сіне тас төселген, 112 шақырымы топырақ жол. Жалпы жолдың 56.5 пайызы ғана қанағанаттанарлық жағдайды. Биыл осы көрсеткішті 60 пайызға жеткізу басты назарда.
Bozyq.kz