«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылына және Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай жеке коллекционер Дана Бектаеваның онлайн кілем көрмесі өтті. Тікелей эфирде өткен іс-шара мегаполистегі «Көрме» орталығы мұрындық болды.Карантин тәртібі сақтала отырып бабаларымыздан мұра болып келе жатқан ұлттық кілем насихатталды.
Көпшілікке ұсынылған кілемдер Дана Бектаеваның жеке коллекциясындағы дүниелер. Көрмеге 19-20 ғасырларда қолдан тоқылған түрлі кілемдер мен алашалар, уықбау, басқұр сынды киіз үй жабдықтары қойылды. Қазақстанның басқа өңірлерінен жинақталған құнды кілемдердің біршамасы Оңтүстіктен, Сыр өңірлерінен табылған. Ұлттық қолөнерді ұлықтап, өзіндік ерекшелігін бағалап, кілем тоқу өнерін өшірмей, кереметтілігін халыққа паш ету мақсатында өткізілген шараның өскелең ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор.
-Кілем беттеріндегі сан алуан өрнектің тілі, бұйымдардағы бейнеленген жануарлар, өсімдік әлемінің- әрқайсының өзіндік мән-мағынасы терең философиялық мәнге ие. Бұл көрме көнеден сыр шертетін тарихи дүниелер, кілемдер арқылы сол заманның тарихын, тыныс тіршілігін таныстырып, қолданбалы өнерді насихаттау,-дейді коллекционер Дана Бектаева