ШЫМКЕНТТЕ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының төрт ауданында дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер жұмылдырылып, барлығы 1 мың литрге жуық дайын сұйықтық пайдаланылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес шаһарда залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді.
Бүгінде қала аумағындағы адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарлар мен аялдамаларға толық дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мамандар бір апта көлемінде 285 көп қабатты тұрғын үйдің аулалары мен жертөлелерін, қоқыс алаңшаларын, 750 мың кіреберіс және 145 көшені індетке қарсы дәріледі.
Ал, аудан әкімдіктері жанынан құрылған мониторингтік топ халық көп шоғырланатын сауда орындары мен тамақтану орындарында аурудың алдын алу іс шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай жұмыс істеу керектігін ескертті.
Пандемияның алдын алу мақсатында дезинфекциялау жұмыстары күнделікті үзіліссіз жүргізілуде. Ол үшін арнайы кесте белгіленген. Әрбір аудан сол кестеге сай жұмыс істеуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *