ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 23 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ МАҢЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Қаратау ауданы аумағында коронавирус індетінің алдын алу бойынша елді мекендерді дезинфекциялау жұмыстары күнделікті жалғасуда. Бүгін 35 мыңға жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақ саяжайының ішкі орамдық көшелері толығымен дезинфекцияланды.
Сонымен қатар «Нұрсәт» шағынауданындағы 23 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберістері мен аулалары залалсыздандырылды. Кестеге сай аудандағы өзге тұрғын алабтар мен тұрғын үйлерде індетке қарсы дәрілеу шаралары жалғасады.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын айтқымыз келеді. Қоғамдық көлікте, көшеде, тамақтандыру орындарында бетперде, қолғап, антисептикалық құрылғыларды пайдаланып, жақыныңызға жанашыр болыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *