ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАРДА ДЕМАЛЫССЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар енді емханаларда да ем қабылдай алады. Бұл үшін мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда күндізгі стационардың төсек қоры кеңейтілді.

Шымкент қаласы әкімінің нақты тапсырмасына сәйкес, күндізгі станционарда медицина мамандары демалыс күндеріне қарамастан, аптасына жеті күн, таңғы сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Халық денсаулығын нығайту мақсатында пневмания ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін жекеменшік және мемлекеттік медицина орталықтарында 623 төсек-орын дайындалды.

Атап айтар болсақ, мемлекеттік 26 емханада 314 төсек орындық күндізгі стационар ашылды. Бір төсек-орын күніне кемінде 5 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Яғни 1570 тұрғынды ем-дом шараларымен қамтиды. 39 дәрігер 57 медбике қызмет көрсетуде.

Мамандар дәрігердің тағайындауы бойынша науқастарға тамырдан және жамбастан екпе салу сынды емдеу шараларын жүргізеді.

Күндізгі станционарда төсек-орын мен дәрілік заттар жеткілікті. Бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тиісті мекеменің бақылауында.

Айта кетейік, науқастар тіркелген емханасы бойынша станционарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емделе алады.

Айта кетейік, қазіргі қолайсыз эпидемиологиялық ахуалға байланысты медицина мамандары жеке бастың сақтық шараларын күшейту керектігін тағыда еске салады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *