ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫ ҚОСЫМША МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында індетпен күресуде медицина ұйымдарына қосымша медицина қызметкерлерін қабылдауда.

– Шымкент қаласы әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, қаладағы медициналық ұйымдарды қосымша дәрігерлермен, медбикелермен қамтамасыз ету жөнінде жұмысшы топ құрылып, жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге Шымкент қаласындағы медицина академиясынан 84 резидент тартылуда, — деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.

Қазіргі таңда, жұмысқа тартылған резиденттердің: жалпы тәжірбелік дәрігері — 31, инфекционист — 8, педиатр — 4, кардиолог — 3, хирург — 9, невропатолог — 7, терапевт маман — 7.

Сонымен қатар, қаладағы 4 медициналық колледжден 116 медбике жаңадан ашылып жатқан провизарлық және күндізгі стационарларға қабылдануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *