ШЫМКЕНТ: КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАР ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін қаладағы барлық емханалар демалыс күніне қарамастан келушілерге емдік шараларын жүргізуде.

Тапсырмаға сәкес Шымкенттегі медициналық ұйымдарды қосымша дәрігерлермен және медбикелермен қамтамасыз ету үшін қосымша мамандар тартылып жатыр.

Қазірде қаладағы медицина академиясында 84 резидент:
8- инфекционист;
31- жалпы тәжірибелік дәрігер;
4- педиатр;
3- кардилог;
9- хирург;
7- невропотолог;
7- терапевт;
сондай-ақ, колледждерден 116 медбике жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, әрбір тұрғын өзіне тіркелген емханаға барып күндізгі стационарда ем ала алады. Жергілікті емханалардың барлығында төсек-орын мен дәрілік заттар жеткілікті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *