ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 132 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 21 маусымынан бастап республика бойынша Ұлттық бірыңғай тест тапсыру өтуде. Шымкент қаласында мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестті белгіленген 3 пунктте ағымдағы жылдың 4 шілдесіне дейін тапсыратын болады. Осыған байланысты ҰБТ тапсыру пункттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің 132 қызметкерлері жұмылдырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ҰБТ тапсыру кезінде түлектердің ата-аналары мен туған туыстарына балалардың денсаулығы үшін топталып жиналмай, үйде отыруы керек екенін ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *