ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ЖҮГІЗДІ

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары күшейтілген болатын.  Осыған байланысты ағымдағы жылдың 29 маусымында Шымкент қаласының Полиция департаменті «Қаратау» және Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аудандар аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді.

Аталған іс-шара барысында қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысының талаптарын бұзған азаматтарға тиісті шара қолданылды. Атап айтқанда, шектелген уақыттан кейін жұмыс жасап жатқан орындар, оның ішінде техникалық қызмет көрсету станциясы, техникалық байқау орталығы, жеміс-жидек сату және құймалы балмұздақ сату орындары анықталып, оларға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *