КАРАНТИН МЕРЗІМІ ТАҒЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды. Енді мегаполис тұрғындары бүгіннен бастап 20-шы шілдеге дейін сақтық шараларын қатаң ұстанатын болады. Себебі қалада COVID-19 қауіпі әлі сейілген жоқ. Карантин тәртібін Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері баспасөз брифингінде баяндады.

Қауіпті індет Қазақстанға келгелі Шымкенттегі вирус жұқтырған адамдар саны 3153 ке жетті. Оның 1484-і ауру белгілері білінбей тіркелген  науқастар. 6804 адам олармен қарым қатынаста болып карантинге жабылған тұрғындар. Осы күнге дейін 18 адам жұқпалы вирустан  қайтыс болған.

Әбдіманап Төлебаев – Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы

100 мың халыққа шаққанда 99,1 ді құрап отырмыз. 3153 адамның 21 сырттан әкелінген 2039 –ы жергілікті  1092 ауру азаматтармен қарым-қатынаста болған азаматтар.

Енді парк скверлерде серуен құруға тиым салынады. Шаштараз, спа салондар мен моншалар жабылады. Өз-өзіне қызмет көрсетуді қоспағанда барлық  көлік жуу орындарының жұмысы тоқтайды.

Әбдіманап Төлебаев – Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы

Автосалондар азық-түлік емес дүкендер сауда орталықтары сол бағытта кезекті болдырмау мақсатында түрлі бағытта жұмыс жасауымыз керек.

Шымкенттегі азық-түлік дүкендерінің жұмысы сол күйі қалып отыр. Тек сенбі жексенбі күндері  кешкі сағат 18.00 ге дейін сауда-саттыққа рұқсат беріледі. Ал той-жиын отбасылық отырыстарға  мүлдем тиым салынады.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *